АҚШ пен Ұлыбритания хуситтердің 16 нысанына соққы берді

12.01.2024 Саясат
17

АҚШ әуе күштері жұма күні түнде йемендік хуситтерге қарсы операция кезінде 16 әскери нысанына соққы берілгенін хабарлады.

АҚШ Орталық қолбасшылығының әуе күштерінің қолбасшысы генерал Алекс Гринкевич мәлімдемесінде 16 нысанға 60-тан астам соққы бергендерін айтты. Оның ішінде командалық пункттер, қару-жарақ қоймалары, өндірістік нысандар және әуе қорғанысы радарлары бар.

Генерал Гринкевичтің айтуынша, АҚШ әскері 100-ден астам дәлдік қаруын қолданған және олар тек ұшақтардан ғана емес, кемелер мен сүңгуір қайықтан «Tomahawk» қанатты зымырандарымен де нысанаға соққы берген.