АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

24.02.2023 Саясат
5
Энтони Блинкен 28 ақпанда алғаш рет Астанаға ұшып келеді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 28 ақпанда Қазақстанға алғашқы ресми сапарын жасайды. Ол Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Сонымен бірге премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуі жоспарланған. Сол күні Блинкен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы министрлік кездесуіне қатысады. Күн тәртібінде АҚШ-пен аймақтық ынтымақтастық және әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері тұр.