«Amanat» партиясы саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізілді

11.03.2022 Саясат
6
Партияның саяси кеңесінің қаулысымен Amanat партиясы саяси кеңесі бюросының жаңа мүшелері сайланды. Бюроның құрамына енгендер: Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі; Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы; Асхат Раздықұлы Оралов – «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы; Максим Николаевич Рожин – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті. Осылайша, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының құрамына кіретін мүшелер саны 9-дан 13-ке артты.