«AMANAT» партиясы Президент Жолдауын қолдайтынын мәлімдеді
Сонымен қатар, партия Төрағасы қазіргі сын-қатерлерге қарамастан, Президент мемлекеттік әлеуметтік саясатты күшейтіп жатқанын атап өтті: білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, жастар мен ауыл шаруашылығын қолдауға үлкен қаражат бөлінуде, барлық әлеуметтік төлемдер индекстелуде, зейнетақы қайта қаралуда, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылуда.
«AMANAT» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде Мемлекет басшысының саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларын толық қолдайды. Президенттің Жолдауда ұсынған барлық реформалары – бұл елдің жаңа жағдайда дамуына тың серпін беретін прогрессивті әрі уақтылы шаралар», – деп атап өтті Ерлан Қошанов.Сондай-ақ іс-шара барысында партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Бас директоры Дархан Қыдырәлі сөз сөйледі. Оның айтуынша, Жолдау ел дамуының алдағы бағытын айқындайды.
Өз кезегінде «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мейіржан Отыншиев Алматының жастар мен студенттер қаласы екенін атап өтті.
«Бұл ретте, 100 мың жас азаматты жұмысқа орналастыру, жас кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру, студенттер жатақханасының мәселесін шешу бойынша нақты шаралар қамтылған Жолдау – болашақ ұрпақтың мәселелері Президенттің назарында екенін айқындап отыр», – деді Мейіржан Отыншиев.Партияның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметова барлық міндет қоғамның, мемлекеттік аппараттың және «AMANAT» партиясының ортақ күш-жігерімен іске асады деген пікір білдірді.Жиын қорытындысы бойынша «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының алдына Жолдауды халық арасында ілгерілету және онда айтылған Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру үшін барлық партиялық ресурстарды жұмылдыру жөнінде бірқатар нақты міндеттер қойды.«Бүгінгі жұмысымызда қоғамдық диалог, ашықтық, тұрғындардың мұң-мұқтажына жедел ден қою мәселесі басым бағыт болуы тиіс. Сол арқылы ойға алған дүниенің барлығын іске асыра аламыз», – деді ол.