Алматы тұрғыны Путиннің Астанаға сапарын сынап, митингіге үндегені үшін ұсталды
13.10.2022
Саясат
7
Рафик Жарылқасымов әлжеліде видео жариялаған. Әйелінің айтуынша, күйеуін 13 қазанда Ақсайдағы мата дүкендерін аралап жүрген кезде штаттық киім кигендер ұстап әкеткен.
Айтуынша, полиция қызметкерлеріне ұқсас адамдар ешқандай құжат көрсетпеген, ұстау себебін де түсіндірмеген. Дереккөз: Азаттық- Жәй киім киген адамдар келіп, амандасып, алып кетті. Рафик маған хабарласып, Бостандық аудандық полициясына апара жатқанын айтты. Байланыс та өшіп қалды. Содан бері байланысқа шыққан жоқ, - деді әйелі Вера Жарылқасымова.