Айбек Дәдебаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

06.02.2024 Саясат
5

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айбек Арқабайұлы 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында туған.

Ол 2022 жылдың 11 қантарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болды.

ІІ класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған.