"Адал" партиясы мәжіліске кандидаттар тізімін жариялады

19.11.2020 Саясат
6
"Адал" партиясы кезектен тыс VII сезінде мәжіліске кандидаттар тізімін бекітіп, жария етті. Сонымен, "Адал" партиясының ұсынылған кандидаттар:
  1. Серік Сұлтанғали, "Адал" партиясының төрағасы;
  2. Эльдар Жұмағазиев - мемлекет және қоғам қайраткері, бірнеше оқулық авторы, әлеуметтік жобалардың авторы, экономист, саясаттанушы;
  3. Ардақ Назаров, спортшы, қоғам қайраткері;
  4. Мақсат Толықбай, тележурналист, "Ашық алаң" бағдарламасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы;
  5. Алмасбек Садырбаев - "Шолпан Ата" қой өсірушілер ұлттық ассоциациясының басшысы;
  6. Дәулет Мұқаев, тележурналист, қоғам қайраткері;
  7. Олжас Ордабаев - "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары, білім саласындағы сарапшы; 
  8. Жигули Дайрабаев - "Қазақстан фермерлер одағы" РҚБ президенті; 
  9. Нұрлыбек Мәлелов - финансист, мемлекет қайраткері;
  10. Ғалымбек Жақсылыков - қоғам қайраткері;
  11. Лаура Мәлікова - тәжірбие жасаушы экологтар ассоциациясының жетекшісі;  
  12. Игорь Шацкий - кәсіпкерлердің құқын қорғау бойынша сарапшы; 
  13. Әлина Әбдрахманова - кәсіпкерлік оқыту бойынша маман, сарапшы; 
  14. Халиола Ақдрашев – кәсіпкер;
  15. Ләззат Шыңғысбаева - "Менің Атамекенім" әлеуметтік қорының басшысы;
  16. Мұрат Қожамкулов - партияның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының басшысы;
  17. Ғани Абадан - партияның Алматы қаласындағы филиалының басшысы ;
  18. Тимур Әбдікәрімов - партияның Маңғыстау облысындағы филиалының басшысы
  19. Ақмарал Бекмұрзаева - бизнес-тренер,кәсіпкер;
  20. Әнуар Керембаев - экономикалық сарапшы. фото: Sputnik/Владислав Воднев