Абаев: Алматы мен Нұр-Сұлтанда сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейді

23.03.2020 Саясат
5
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирусқа байланысты төтенше жағдайда қалыптастып жатқан түрлі мәселелерге түсініктеме берді. Ол өз сөзінде Алматы мен Нұр-Cұлтан қалаларында сауда ойын-сауық орталықтары жұмыс істемейтінін айтты. https://youtu.be/47iGsSP727c Бүгін сауда және интеграция министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің төтенше жағдай кезіндегі сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеуі жайлы бірлескен бұйырығы жарық көрген еді. Сол бұйрық туындатқан мәселенің бірі Алматы мен Нұр-Сұлтандағы сауда орталықтарының жұмысы жайлы болған еді.