Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болды

07.04.2022 Саясат
8
Президенттің Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.  2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.  2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.   2018 -2020 жылдары  Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2020-2022 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.