Назарбаев рамазан айының басталуымен құттықтады

02.04.2022 Саясат
5
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. «Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Күллі әлем мұсылмандары үшін айрықша орын алатын бұл ай исламның ең басты құндылықтары – жақсылық пен мейірімділікті, сабыр мен имандылықты дәріптейді. Бұл идеялар діні мен ұлтына қарамастан тұтас халқымыздың бірлігін бекемдей түсері сөзсіз. Қасиетті Рамазан айында сіздерге зор денсаулық, рухани күш-қуат, бақ-береке тілеймін!», - делінген құттықтауда.