"Ақ жол" партиясы мәжіліске кандидаттар тізімін жариялады

20.11.2020 Саясат
5
 
«Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін жариялады.
Бүгін партияның сайлауалды XVI съезінде үміткерлер тізімі бекітілді. Жалпы саны тізімде 38 кандидат бар. 1. Ботагөз Әбділманова, қаржы сарапшысы, аудитор. Нұр-Сұлтан қаласы; 2. Тұран Әбжанов, жас кәсіпкер. «Заңғар» сауда үйінің құрылтайшысы, қазақ тіліндегі бірінші бизнес-мектептің және «World-Class-Шымкент» әмбебап фитнес-клубының басшысы; 3. Азамат Әбілдаев «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бас директоры, Мәжілістің 5-шақырылым депутаты; 4. Қанат Әрбиев, «FOOD INVEST GROUP» ЖШС бас директоры; 5. Алмаз Бадашев «West Gas Oil РТЕ. LTD» ЖШС басшысы; 6. Ерлан Барлыбаев, Мәжілістің 6-шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясы басшысының орынбасары; 7. Дмитрий Васильев «СемАЗ» акционері, Қазақстан агроинновациялық корпорациясының құрылтайшысы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары; 8. Берік Дүйсембинов Мәжілістің 6-шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары; 9. Марал Елубаева, Батыс Қазақстан медициналық университетінің профессоры, декан орынбасары; 10. Серік Ерубаев, «Атырау Констракшн Сервисез Лтд» ЖШС бас директоры; 11. Дания Еспаева, Мәжілістің 6-шақырылым депутаты, Қазақстан президенттігіне үміткер болған бірінші әйел, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі; 12. Рамазан Жампейісов, Нұр-Сұлтан қаласы, «Эко-Жер» экологиялық бастамалар қауымдастығының атқарушы директоры; 13. Айгүл Жұмабаева, «Ақ жол» демократиялық партиясы орталық кеңесінің хатшысы, парламенттік фракция аппаратының басшысы; 14. Сұлтан Хан Жүсіп, Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры; 15. Махаббат Жұтаев, «Ақ жол» демократиялық партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика саласындағы бірқатар ЖШС құрылтайшысы; 16. Қазыбек Иса, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті, ақын, публицист. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі; 17. Мәрияш Қабикенова, «Жетісу» кәсіби басқарушылар одағының төрағасы; 18. Меруерт Қазбекова, Мәжілістің 5 және 6-шақырылым депутаты, Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағының төрағасы; 19. Алмас Кенесары, Нұр-Сұлтан қаласы, «Өркендеу-холдинг» бас директоры; 20. Еркен Құттыбаев, «Кедентранссервис» АҚ атқарушы директоры; 21. Андрей Линник, Алматы қаласы, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, «Аспара Мұнай» компаниясының акционері және басшысы; 22. Болат Момышев, Жамбыл облысы, «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің төрағасы, кәсіпкер; 23. Әйгерім Молдашева, «AirAstana» компаниясы Боинг 767 ұшқышы, АҚШ Оңтүстік Калифорния университетінің магистранты; 24. Екатерина Никитинская, Мәжілістің 5 және 6-шақырылым депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары; 25. Бөріхан Нұрмұхамедов, «Гранд-Ханака» ЖШС бас директоры; 26. Талғат Омаров, «КАЗПОЛИГРАФ» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы; 27. Ерлік Өмірғали, «Алуа-Строй» ЖШС құрылтайшысы және басшысы; 28. Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжілістің 5 және 6-шақырылым депутаты; 29. Әлия Рақышева, «Koles А» компаниялар тобының GR-директоры; 30. Мақсат Раманқұлов, Нұр-Сұлтан қаласы, «Ақ жол» партиясы төрағасының кеңесшісі, «Мабекс Трэйд» ЖШС бас директоры; 31. Мәриям Рупатова, «ERG коммерциялық орталығының» сарапшысы; 32. Сағиятулла Сәрсенов, «Іле корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, Мәжілістің 5-шақырылым депутаты; 33. Фуат Сатыбаев, «Ақ жол» демократиялық партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Мойылды санаторийі» АҚ бас директоры; 34. Азат Сембинов, жас кәсіпкер, «KBT-group» IT-компаниясының құрылтайшысы және басшысы. 2019 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы; 35. Ғазиза Тәжібаева, «Ақ жол» демократиялық партиясының жастар қанатының жетекшісі; 36. Ғани Хамзин, 26 жаста, жас кәсіпкер, «Стройинтеграция» ЖШС құрылтайшысы және бас директоры; 37. Шыңғыс Шашкин, нейрохирург, «Шашкин-клиник» құрылтайшысы және директоры. 2018 жылғы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы; 38. Яна Шойбекова, Алматы қаласы, «BILLBOARD-VIDEO» компаниясының бас директоры.