Жол апатынан опат болғандардың қай елдің азаматтары екені анықталды

20.04.2019 Оқиға
4

Жамбыл облысы, Қордай ауданында Сарыағаштан Алматыға келе жатқан жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 11 адам қаза тауып, 29 адам зардап шеккені туралы бұған дейін хабарланған еді.

Жол апатынан опат болған адамдардың 7-і Қазақстан азаматы, 3-і Өзбекстан азаматы екені анықталды. Бұл туралы ІІМ-нің арнайы өкілі Нұрділда Ораз айтты.

Жол апатына қатысты тергеу басталды.

Жол апатынан қаза тапқан адамдардың отбасына және Өзбекстан президентіне Қазақстан президенті Қ.Тоқаев көңіл айтты.

20 апреля 2019 г.