Жер сілкінісінен ҚазҰУ жатақханаларының қабырғасы жарылып кетті

23.01.2024 Оқиға
4

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматыдағы 35 жоғары оқу орнында 198 мың студент білім алып жатыр.

" ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханаларында құрбандар мен қираулар болды деген жалған ақпарат тарады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз дереу ақпараттық хабарлама жібердік, біздің өкілдер барлығын орнында тексерді, бар-жоғына көз жеткізді. Ұсақ жарықтар пайда болды, бірақ құлау қаупі жоқ. Тиісті жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бүгінде жағдай толығымен бақылауда, біз барлық ректорлармен байланыстамыз", - деді Саясат Нұрбек.