Жер сілкінісінен кейін ғимарат зақымданса не істеу керек

14.03.2024 Оқиға
4

Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан ғимарат бүлінген жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді.

Алматы әкімдігінде іс-қимыл алгоритмі ұсынылды:

- Аудандық әкімдіктерде ТЖД, МКК мен басқа да орган өкілдерінің қатысуымен комиссия тобы жұмыс істейді.

- Ғимарат зақымданған жағдайда қала тұрғындары аудандық әкімдікке өтінішпен және фотоматериалдармен жүгінуі қажет.

Әрі қарай не болады:

- Комиссия зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратты тексереді.

- Тірек конструкцияларының бұзылуы бар ма, әлде бұл әрлеу материалдарының зақымдануы ма: аспалы төбе, сылақ, плитка, қасбеттің әрлеуі ме екенін анықтайды.

Мәліметті өңдеу:

- Аудандық комиссиялардан алынған ақпарат қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасына, одан кейін ҚазҚСҒЗИ-ға талдау жүргізуге беріледі.

- Институт мамандары зақымданудың себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді.

Жөндеу жұмысын қаржыландыру:

- Әлеуметтік нысандарды жөндеу бюджет есебінен жүзеге асырылады.

- Көппәтерлі үйлердің әрлеу элементтерін жөндеу — кондоминиум есебінен.