Жарылыстан қаза болғандар саны 9 адамға жетті

27.08.2021 Оқиға
4
Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті. 27 тамыз күнгі сағат 13:00-дегі жедел ақпарат бойынша, Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті.

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен. Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайды жоюға барлығы жұмылдырылды: - ТЖМ-153 қызметкер, 46 бірлік техника, - ДП-400 қызметкер, 54 бірлік техника, - №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 бірлік техника, - №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 бірлік техника, - Ұлттық Ұлан-520 адам және 250 адам резервте. Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды. ТЖМ – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД– 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109. Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді. Апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді.