Жаңаөзенде зауытта болған жарылысты министрлік түсіндірді
17.06.2021
Оқиға
4
ҚР Энергетика министрлігі Жаңаөзендегі "ҚазМұнайГаз" газ өңдеу зауытындағы ірі өртке қатысты түсініктеме берді.
"ҚазГӨЗ" ЖШС 16 маусым күні сағат 22.15-те компрессорлық цехтың ауа тоңазытқышы конструкциясы өртенді. 22.52-де өртті оқшаулап, толық өшірді. Зардап шеккендер жоқ. Жану нәтижесінде градирня құрылымының бір бөлігі істен шықты, негізгі жабдық зақымданбады. Градирняны қалпына келтіру бойынша авариялық-жөндеу жұмыстары басталды. ҚазГӨЗ бойынша инцидентті тексеру туралы бұйрық шығарылды, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб құрылды”, – деді ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметі