Жамбыл облысында тағы бір шекарашы сарбаз қайтыс болды

21.08.2022 Оқиға
4
Жамбыл облысында тағы бір шекарашы сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан Facebook-тегі парақшасында жазды. Автордың жазуынша, оқиға 19 тамыз күні болған. 2004 жылы туған сарбаз өз-өзіне қол жұмсаған. «Жамбылда атыраулық сарбаз қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. 2004 жылы туған Мираш Бекбол Досболұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тумасы», - деп жазды қоғам белсендісі. Дегенмен, сарбаздың өліміне қатысты әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.