Таразда сәбилерді саудалады деген күдікпен екі медицина қызметкері ұсталды

25.01.2023 Оқиға
4
Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, қала аумағында жүргізілген жедел-іздестіру барысында жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады. Аталған факті бойынша 2023 жылғы 12 қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері ұсталды.

"Бұл тұлғалар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі қалалық прокуратураның бақылауында", - деді Тараз қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.