Таразда Алматы облысының аудандық депутатын қатыгездікпен ұрып-соққан
14.05.2025
Оқиға
5
Оқиға 13 мамыр кешке Жамбыл облыстық полиция департаментінің жанында орналасқан «Ғибрат» кафесінде болған.
Хабарларға қарағанда, депутат әрі заңгер Нұрлан Байғазиев бет сүйектерінің көп жерінен сынуымен ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта ол ауруханада, дәрігерлер ота жасауға дайындық жүргізіп жатыр.
Оқиғаның нақты мән-жайы әзірге белгісіз. Полиция бұл жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.
Белгілі болғандай, Байғазиев Таразға жұмыс сапарымен келген және заңгер ретінде клиенттермен кездесу өткізіп жүрген. Сол сәтте оған белгісіз адам шабуыл жасап, алдын ала мәлімет бойынша, кастетпен соққы жасаған.