Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025 Оқиға
6

2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Түркия Әділет министрлігіне «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды халықаралық іздеуге жариялау негізінде оны экстрадициялау туралы сұрау жолдаған болатын.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары іздестіру шараларын жүргізді.

Биыл ҰҚК оның нақты орналасқан жерін анықтап, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында оны ұстады.

Ағымдағы жылдың 9 мамырында Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім шығарды. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Қазақстанның құзырлы органдары аталған азаматты елге қайтару бойынша заңдық рәсімдерді бастап кетті.

Айта кетерлігі, Талғат Ардан бұған дейін Астана әкімдігінде жұмыс істеген. Ол кезде қаланы Иманғали Тасмағамбетов басқарған. Арданның қызметтік өсуі дәл осы кезеңге сәйкес келеді. LRT ісі бойынша айыпталушылардың айтуынша, негізгі шешімдер техникалық орындаушылар деңгейінде емес, үкіметтің жабық кулуарларында қабылданған.