Талғар ауданында үйлену той үстінде атыс болды

10.05.2025 Оқиға
6

Алматы облысы, Талғар ауданында үйлену тойы кезінде атыс орын алды.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық істер тіркеліп, қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Полиция департаментінің мәліметінше, атысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталған. Ауруханаға жеткізілген төрт күдікті күзетпен емделіп жатыр, ал біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір іздестіру шаралары жалғасуда.

Полиция барлық кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.