Степногорск қаласының әкімдігі ЖЭО-ғы апатқа қатысты түсінік берді
11.02.2024
Оқиға
4
Кеше кейбір БАҚ-та Степногорск қаласының ЖЭО-да болған апат туралы хабарлады. Әкімдік аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
«Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, "KEGOC" АҚ электр беру желісінің істен шығуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын беруді төмендетті. ЖЭО-да технологиялық бұзушылықтар жоқ», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ЖЭО-ны электрмен жабдықтау қалпына келтірілді, жылу желісінің температурасын көтеру жұмыстары басталған.
Осы факті бойынша Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тергеуді бастады.