Әскери институттың курсантты жараланды
23.07.2021
Оқиға
4
Құрлық әскерлерінің әскери институтында бір курсанттың аяғына оқ тиді. Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр.
Әскери институтта бір курсанттың жараланғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.
Қазақстанның қорғаныс министрлігі мұны растады және оқиғаның мән-жайын хабарлады.
Жараланған адам шұғыл Алматы қаласының әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген. Онда оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ведомствоның мәлімдеуінше, курсанттың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шегушінің ата-анасы болған оқиғадан хабардар. Қазіргі уақытта Әскери-тергеу басқармасы бұл факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.