Шымкентте құрылыс орнында жұмысшы қаза тапты
17.10.2022
Оқиға
4
Шымкентте құрылыс орнында жұмысшы көз жұмды. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, сотқа дейінгі тергеп-тергеу жұмысы басталған.
Қылмыстық іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.«Аталған фактіні Қаратау ауданының Полиция басқармасы ҚК-тің 277-бабымен «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» СДТБТ-не тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерін бастады», - делінген хабарламада.