Шерзаттың ағасының өлімін Ресейдегі спутниктік деректердің көмегімен анықтайды

17.04.2025 Оқиға
6

Бұған дейін Шерзаттың отбасы үйін өртегендерді Ресейдегі спутниктер арқылы анықтамақ болғаны белгілі болған еді — сол уақытта үйдің маңында қандай көліктер тұрғанын, кімдер жүргенін тексеру жоспарланған.

Оған қоса, марқұм Шерзаттың туыстарының адвокаттары спутниктер арқылы дәл осындай талдауды Гайыпбаевтың ісі бойынша да жасауды сұрады — ол Шерзаттың ағасы. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

Бұған дейін Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша кейбір айыпталушылардың бұрын да жауапқа тартылғаны айтылған. Солардың бірі — Азамат Тоқтаубаев. Ол 2024 жылы қылмыстық іске тартылған.

«Шерзатпен байланысты оқиғалардан кейін, тергеу изоляторында болған кезде, ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл рецидив болып саналмайды — рецидив тек соттылығы өтелмеген жағдайда ғана мүмкін. Демек, бұл — ауырлататын жағдай емес», — деді жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев.