Шахтадағы апат. Кеншілерді құтқарғандарды қысымға алып жатыр

03.11.2023 Оқиға
5
46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы апатты жою жұмыстарына тартылған тау-кен құтқарушыларының басы дауға қалды. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайты жазды. Бірер күн бұрын олар БАҚ-қа сұхбат беріп, қайғылы жағдайға әкелген алғышарттар туралы, төтенше жағдай орнында не болып жатқаны жайлы айтқан. Көп ұзамай кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы оларды жұмыстан шығарып, "резервке" жіберген. Тау-кен құтқарушылары бейнеүндеу жариялап, шындықты айтқандары үшін жұмыстан шеттетілгендерін мәлімдеді. Олар өз үндеуінде шындықтың жұртшылыққа жеткенін және ел басшылығы оларға қысым жасалып жатқанын білгенін қалайтындарын айтты.

Олар мұндай жағдай бұған дейін де болғанын атап өтті. "Қазақстан" шахтасындағы апатты жою кезінде де көптеген бригадалар "белгісіз себептермен" жұмыстан шығарылған.

Мәжілістің бақылауындағы жағдай

Құтқарушылардың бейнеөтінішіне Мәжіліс депутаты Никита Шаталов жауап берді. Ол жұмысшыларды қызмет орнына қайтаруды талап етті.
Бұл – өз жұмысын жақсы көретін және тыңғылықты істейтін адамдар. Оларсыз бәрі әлдеқайда нашар болар еді. Станция басшылығы ашық пікір білдіргені үшін біреуді жұмыстан шығаруды ойламайды деп үміттенемін. Әйтпесе, біз, депутаттар – елдегі заңның сақталуына жауап беретіндер бұл істі қолға аламыз, - деп атап өтті депутат.

Ол тау-кен құтқарушылары шахтада көргендері туралы ашық және эмоциясыз айтқанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол бұған дейін бәрін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келген Митталдың қазір жоқ екенін атап өтті.

Олардың қауіпсіздік техникасының жай-күйі және құтқарушылардың ұйғарымдарына деген көзқарасы туралы айтқандарын ешкім жоққа шығармайды, - деді депутат.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған, 206 кенші жер бетіне шықты, қалғандары жер астында қалып қойды. Алғашқы екі күнде 45 кеншінің денесі табылды, ал 46-жұмысшының тек дене бөлшектері табылғаны белгілі болды.

Arasha.kz

ФОТО: astanatv.kz