ШҚО: Қоқыс полигоны өртенді (видео)

12.08.2019 Оқиға
3
Оқиға 11 тамыз күні сағат 18:21 шамасында Шмелев Лог кенті ауданындағы қоқыс төгетін орында басталған. 1 гектарды шарпып өткен жалынды сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Өртті сөндіру үшін 12 маман және 6 өрт сөндіру техникасы, сонымен қатар, «Өскемен Тәртіп», «Өскемен Водоканал», «Спецкоммунтранс» ұйымдарынан 10 адам жұмылдырылды. – Өрт сөндіру техникасының қозғалуына қоқыстар біраз кедергі тудырды, алайда өртті сөндірдік, – дейді Төтенше жағдай қызметіндегілер. ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, кәсіпорын қызметкерлері өрт сөндіру қызметінің көмегіне кеше ғана жүгінген екен. Оған дейін жалынды өз күштерімен ауыздықтауға тырысыпты. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=ObubvP2-CYw[/embed]   Дереккөз: altaynews.kz