Семейде сиырларды "жигулиге" тиеп алған ер адам анықталды

18.09.2024 Оқиға
4

Абай облысының тұрғыны "жигулидің" салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына "жайғасып" алғанын көруге болады.

35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.