«Семей орманы» МОТР 5 қызметкері жалған дипломмен жұмыс істеген

15.11.2024 Оқиға
5

Абай облысында жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген Резерваттың 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтадған.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі (жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.