Санитарлық авиация ұшағы боран салдарынан апаттық жағдайда қонды

06.02.2025 Оқиға
5

Ан-2 ұшағы Қостанайдан Арқалыққа бағыт алған. ҚР ТЖМ мәліметінше, боранға байланысты ұшақ Арқалықтың маңына қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ бортында төрт адам болған – екі ұшқыш және екі дәрігер. Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті.

Зардап шеккендер жоқ, ұшқыштар мен жолаушылар Арқалыққа жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.