Ресеймен арадағы 4 бекетте үлкен кептеліс болып жатыр
23.09.2022
Оқиға
5
Соңғы екі күнде Ресейден Қазақстанға кіріп жатқан азаматтардың саны күрт артқан. Мұны ҚР ҰҚК Шекара қызметі растады.
Екі ел арасында бүгінде автомобильдік өткізудің 30 бекеті бар. Соның төртеуінде қазіргі таңда кептеліс болып тұр. Шекара қызметі ахуалды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.
Еске салайық, 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа байланысты елде ішінара мобилизация жариялаған еді. Бұл жаңалық тарағаны сол-ақ екен елде әскерге жарамды ер азаматтардың көбі көрші мемлекеттерге үдере көше бастады.«Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды», - делінген Шекара қызметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.