Қырғызстанда селге аққан баланың денесі Өзбекстаннан табылды
15.07.2024
Оқиға
5
Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған Н.С.-ның денесі табылды.
Баланың денесі «Достық» бақылау-өткізу бекетінде қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазды Azattyq Rýhy.
14 шілдеде Ошта төтенше жағдай режимі енді.