Қостанай облысындағы алапат өртке тракторшы кінәлі болып шықты
16.01.2023
Оқиға
4
2022 жылдың күзінде Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Аманқарай орманы алапат өртке оранып, жақын маңдағы елді мекендерде жүздеген үйдің түгі қалмай жанып кеткен болатын.
Жергілікті «Тобылинфо» ақпарат агенттігінің жазуынша, Осы іске қатысты Әулиекөл ауданының соты өртке тракторшы Александра Репейконы кінәлі деп тауып, оны шартты түрде бір жылға соттаған.
Айта кетейік, қылмыстық істі Бас прокуратураның өзі тергеген болатын.
Әулиекөл аудандық сотының мәліметінше, Александра Репейко өзінің кінәсін мойындаған және аудандық прокурормен келісім жасасаған. 44 жастағы тракторшыға қатысты сот үкімі 2022 жылдың 22 желтоқсанында шыққан.
Алайда, сот үкіміне сенсек, Рапейконың мініп жүрген Р 183 АСЕ мемлекеттік нөмірі бар «МТЗ-82» маркалы тракторында қауіпті ақау болған. Бір сөзбен айтқанда, оның тракторының майы ағатын, ұшқын сөндіретін құрылғысы болмаған, түтін шығаратын мұржасы қатты қызып кететін.
«Сол күні сағат 14:35 шамасында Рапейко даладағы 38 градус ыстыққа, орман маңындағы шөптің құрғап, жел тұрғанына қарамастан, ұшқын сөндіретін құрылғысы жоқ трактормен Бағаналы ауылына қарай жол тартқан. Ауылға бара жатқанда ол көп бұрылысты жолмен жүрген. Шоқ сөндіретін құрылғысы жоқ екенін біле тұра ол айналасындағы ормандардың маңымен жүрген. Осылайша, трактордың моржасынан шыққан шоқ «Басаман орман шаруашылығы мекемесінің» Кондратьев орман шаруашылығы айналасындағы құрғақ шөпке шоқ тиіп, өрт басталған», - делінген сот үкімінде.Осылайша, 39 772,4 гектар орманды жоқ қылып, 18 774 283 323,73 теңге көлемінде шығын келтірген өрттің басталуына кінәлі тракторшы бір жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылып, ешқандай өтемақы төлемейтін болды. «ТобылИнфо» сондай-ақ, осы қылмыстық іске қатысты әлі уақытша қамау изоляторында отырған Басаман орман шаруашылығының директоры Асхат Жақашовқа қатысты тергеу әлі аяқталмағанын жазып отыр.Ал, әлі тергеуде отырған Жақашевтың адвокаты болса тракторшыға қатысты қылмыстық істің отырысына басты күдіктілердің бірі – Жақашев шақырылмағынын айтып, дабыл қаққан, деп жазды Azattyq Ruhy.
«Мен Жақашовтың адвокаты ретінде тракторшы Рапейкоға қатысты қылмыстық істің осылай қаралып кеткеніне және менің қорғауымдағы Жақашовтың сотқа тіпті шақырылмағанына қатты наразымын. Оның үстіне, Рапейкоға қытсыт шыққан сот үкімін аяқ асты бір жерден біліп қалдым. Сондықтан, сот пен прокуратураға қояр сұрағымыз көп»,- дейді адвокат Сабыржан Иманбаев.