ҚазҰУ аумағынан заңсыз шығарылған жер қайтарылды
22.10.2022
Оқиға
4
Сот шешімімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағынан бұрын иеліктен шығарылған жер қайтарылды, деп жазды inbusiness.kz.
Алматының ауданаралық-экономикалық соты қаланың Жер ресурстарын басқару департаменті мен Omirex ЖШС, Atlas Development ЖШС ҚазҰУ өтінішін толық қарастырды. Арнайы қабылданған қаулыда сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қойылды.
"ҚР Жер кодексінің 43, 48-баптарының нормаларын бұзғаны дәлелденді. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 21 қазандағы шешімімен судья Д.Нұрбековтің төрағалығымен Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызы толық қанағаттандырылып, сот қаулылар мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды", - делінген Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің хабарламасында.