«Қазақмыс» қызметкерлерінің денсаулығын тексеруге барған дәрігерлер қаза тапты

21.09.2022 Оқиға
5
“Қазақмыс” компаниясының Балқаш қаласындағы қызметкерлерін профилактикалық тексеруден өткізуге барған екі дәрігер жол апатынан қаза тапты. Қарағанды облысында болған бұл жол апатынан тағы 8 дәрігер әртүрлі жарақат алған.

Министр Ажар Ғиният дәрігер Виктория Кенжеханова мен Бақыт Қыстаубаеваның жақындарына қайғырып көңіл айтқан.

“Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтальмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды”,- деп жазған жеке парақшасында Ажар Ғиният.