Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды

18.02.2024 Оқиға
4

Қарағандыда тұрғын үйдің бу қазандығы жарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 03:30-да екі отбасылық үйдегі бу қазандығы жарылып, ғимарат толық опырылып түскен.

«Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін №2 пәтерден бес адам, оның ішінде екі бала өз бетімен шығып кетті. Төтенше жағдайлар қызметінің күштері үйінді астынан ер адамды шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 24 адам мен 6 техника жұмылдырылды.