Қарағанды тұрғынынан 30 келі есірткі тәркіленді

08.10.2024 Оқиға
5

2024 жылдың қазанында Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қарағанды қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.

Аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды.

Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 кг наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.