Қарағанды облысында жұмысшыны пойыз қағып өлтірді
16.01.2024
Оқиға
4
Қарағанды облысында "Шұбаркөл Көмір" акционерлік қоғамының ішкі теміржол желісінде жұмысшыны пойыз қақты.
Аталған мекеме жұмыс барысында орын алған қайғылы жайтқа қатысты түсінік берді.
"2024 жылы қаңтардың 15-і күні “Шұбаркөл көмір” АҚ ішкі теміржол жолдарында жұмысшының қаза табуына әкеп соққан жазатайым оқиға орын алды. Жұмыс барысында бағыттамалық бекеттің кезекшісі бос вагондардың қозғалмалы құрамының астына түсіп кеткен", - делінген хабарламада.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыс басталған.