Қарағанды облысында «Саранская» шахтасында кенші қаза тапты
12.03.2024
Оқиға
18
Қарағанды облысындағы «Саранская» шахтасында кенші қаза тапты, деп жазды «Вечерняя Караганда» басылымы.
«Саранская шахтасында кенші қаза тапты. Дереккөздердің хабарлауынша, апат бүгін түнгі сағат 1.20 шамасында болған», - делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.
Басылымның мәліметінше, болт сынғандықтан 44 жастағы кеншінің үстіне металл конструкция құлаған.
«Ер адам қатты жарақат алған», - делінген хабарламада.