Қарағанды облысында пойыздың вагоны рельстен шығып кетті

03.02.2025 Оқиға
5

1 ақпанда Қарағанды облысында жүк пойыздың бір вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК"АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«2025 жылғы 1 ақпан сағат 15:30-да Қарағанды— Сұрыптау станциясында жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Алдын ала себеп — Өзбекстан компаниясына тиесілі вагонның бүйір жақтауы сынған.