Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезінде полиция майоры қаза тапты
15.03.2025
Оқиға
5
Оқу-жаттығу шаралары барысында полиция департаментінің қызметкері Алдан Әлиев қаза тапты. Бұл қайғылы оқиға туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов хабарлады.
Министр марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ІІМ полиция қызметкерінің отбасына қажетті барлық көмекті көрсететінін жеткізді.
«Оқиға орнына менің орынбасарым басқаратын комиссия жіберілді. Тергеу барысы бақылауда», – деді Сәденов.
Полиция департаменті қазаның нақты себебі туралы ақпарат таратқан жоқ.