Полицейлер мен арнайы жасақ арасындағы төбелестің мән-жайы анықталды
04.05.2024
Оқиға
4
Интернетте полиция мен СОБР сарбаздары арасындағы төбелес туралы ақпарат пайда болды. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, жанжалға әлімжеттік себеп болған.
Оқиғаның мән-жайына полиция департаменті түсініктеме берді. Бұл өткен жылы болғаны белгілі болды.
«2023 жылы Қызылорда облысы бойынша арнайы операциялық бригаданың бірнеше қызметкері арасында жанжал болған. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілді», - деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.
Кінәлілер ішкі істер органдарынан босатылып, олардың тікелей басшылары қызметтерінен босатылған.