Петропавлда су басқан үйлердің бірінен ер адамның денесі табылды
13.05.2024
Оқиға
19
Петропавлда эвакуациялау кезінде жоғалып кеткен ер адамның денесі бір айдан кейін табылды.
«13 сәуірде 34 жастағы қала тұрғынының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер көзге көрінетін сыртқы жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деді полиция.
Атап өтілгендей, тұрғындардың бірі 13 сәуірде Подгора елдімекенінде бөгетті су бұзып, шағын аудандарды кенеттен су басқан кезде ағасының жоғалып кеткенін хабарлған.