Петропавлда стадион өртеніп жатыр

16.01.2025 Оқиға
5

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

«Осы сәттерде Петропавл қ. Сәтбаев көшесі бойында стадиондардың бірінде өрт сөндірушілер өртті сөндіруде. Құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.