Павлодарда үстіне балқытылған металл құйылып кеткен жұмысшы қаза болды

10.06.2021 Оқиға
4
Павлодардағы зауыттардың бірінде болған оқыс оқиға қайғылы жағдайда аяқталды. 32 жастағы марқұм денесінің 90 пайызын күйдіріп алған.   Оқиға 8 маусым күні Павлодардағы «Кастинг» ЖШС мекемесінде тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша абайсызда темір балқыған қазандықтың шөміші ашылып кетіп, жұмысшының үстіне төгілген. «8 маусымда сағат 23-те 1989 жылы туған "Кастинг" жауапгершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыскерімен өліммен аяқталған жазатайым оқиға орын алды. Қазіргі уақытта осы тергеу жұмыстары ұйымдастырылуда”, – деді Павлодар облысы бойынша еңбек инспекторы Ербол Сайфуров. 32 жастағы марқұм зауытта металл кесуші болып жұмыс істеген.