Павлодарда спорт мектебіндегі жаттығу залының төбесі опырылды
28.09.2021
Оқиға
4
Павлодарда "Батыр" спорт мектебінің шатыры құлады. Бұл туралы Pavlodarnews.kz. порталы хабарлады.
Төтенше жағдай бүгін сағат 10:05-те болған.
Шатыры опырылып түскен ғимараттың видосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Видео астына тұрғындар "балаларды құдай сақтаған", "ол жерде жуықта жөндеу жасалып еді ғой" деген пікірлер жазып жатыр.
Өңірлік туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтың айтуынша, Катаев көшесі, 63/1а мекенжайы бойынша орналасқан "Батыр" бокс залының шатыры құлап түскен.
Мектепте директор мен вахтер болды. Екі еден плитасы құлағаны белгілі. Оның не себепті құлағанын анықтау бойынша комиссия құрылды. Ғимарат 1984 жылы пайдалануға берілген. Қазір ғимаратты полиция қоршап, анықтау жұмыстары жүргізілуде.