Өткен тәулікте еліміз бойынша 10 автокөлік өртке оранған

20.09.2024 Оқиға
4

Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 10 автокөліктің өртін сөндіргендерін мәлімдеді.

Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Маңғыстау облыстары мен Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларында орын алған.

ТЖМ күштерімен 5 жеңіл автомобиль мен 5 жүк көлігінің жануы сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Автокөлікті өрттен қорғау үшін:

  • автокөлікті техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
  •  жарамды өрт сөндіргішті әрқашан көлік салонында ұстаңыз.