Мәскеудегі терактіден кейін Тәжікстан азаматтары Ресейден кетіп жатыр

30.03.2024 Оқиға
4

Тәжікстанның Еңбек министрлігі Мәскеу облысында теракт болғаны туралы хабарға байланысты Ресей Федерациясынан мигранттардың көптеп кетуін тіркеген. Терактіні ұйымдастырып, жүзеге асырды деген негізгі күдіктілер – Тәжікстан азаматтары.

Сондай-ақ, авиакомпаниялар Ресей Федерациясына ұшатын билеттер сатылымының төмендеуін ғана емес, олардың қайтарылуын да байқаған. Орташа алғанда, 20%.

Сарапшылар РФ кеткен мигранттар алдағы уақытта Қазақстанға қарай ағылуы мүмкін екендігін айтып жатыр.