Маңғыстауда балалар уланған мектептің асханасы жабылды
09.09.2024
Оқиға
4
Мұнайлыда №8 мектепте балаларды тамақпен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының білім басқармасы хабарлады. 9 қыркүйектен бастап балаларға тегін ыстық тамақ уақытша берілмейді.
- Балалардың тамақтан улануына қатысты сараптамалық қорытынды алынғанға дейін мектеп асханасының жұмысы уақытша тоқтатылады. Қорытынды негізінде тиісті шаралар қабылдануда, - деп атап өтті мемлекеттік органда.
Балалардың сабақтары бұрынғы тәртіппен өтеді. Денсаулығына байланысты сабаққа қатыспаған балаларға пәндер бойынша оқу бағдарламаларын меңгерту мақсатында, сауыққаннан кейін қосымша сағаттар ұйымдастырылады.