Маңғыстау техникалық колледжінде ақша жымқыру дерегі тіркелді
10.01.2025
Оқиға
5
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізгендерін мәлімдеді.
Тексеріс нәтижесімен бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.